Өңірлер

Көкшетауда айыппұл төлемеген парақорлар бас бостандығынан айырылды

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталғандар кірісі мен мүлкін жасырып, миллиондаған айыппұл төлеуден қашқақтап келген

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Көкшетауда пара алғаны үшін сотталған төрт адамның айыппұл жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы қамауға алынды

Төрт ер адам пара алғандары үшін 1250000 теңгеден 20972 теңгеге дейін айыппұл төлеу жазасына кесілген болатын, алайда сот актісін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылу туралы ескертулерге қарамастан, айыппұлды төлемеген. 

Сотталғандар кірістері мен мүліктерін жасырып, сот үкімін орындаудан қашқақтаған. 

Айыппұл төлеуден қашқақтаған жағдайда, бір күн 4 АЕК есебінде бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. 

Сөйтіп, Көкшетау қалалық соты айыппұлды екіден жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына алмастырды. 

Жаңалықтар
0