Өңірлер

Қостанай облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы қамауға алынды

© AFP 2024 / DANIEL SANNUM LAUTEN Кісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған азамат қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, пара алды деген күдікке ілінген

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik.Қостанай облысы табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әмірхан Мауқұлов сот шешімімен қамауға алынды. 

Пара - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана ішкі аудит департаменті басшысы парамен ұсталды

Мауқұловқа бірнеше мәрте ірі көлемде пара алды деген айып тағылған. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысындағы департаменті тергеушілерінің айтуынша, басқарма басшысы қоластындағы орман шаруашылығы директорларынан ай сайын пара алып отырған. 

Сот қаулысы бойынша Мауқұлов екі айға қамауға алынды. 

Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі бұдан бұрын хабарлағандай, Қостанай облысы табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану басқарамасының басшысы 30 маусым күні пара алу үстінде ұсталған. 

Жаңалықтар
0