Қоғам

Астана ішкі аудит департаменті басшысы парамен ұсталды

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шенеунік үш миллион теңге пара алу кезінде ұсталған

АСТАНА, 24 маусым — Sputnik. Астана ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Мелдебеков А. 23 маусым күні үш миллион теңге пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлады жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

пара - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қызылордада білім саласындағы шенеунік парамен ұсталды

Хабарланғандай, шенеунік тексеру бойынша жағымды акт жазып бергені үшін пара алған. Күдікті бас мамандардың қатысуымен пара алудың қылмыстық схемасын жүйелі негізде ұйымдастырыпты.

Қызметтік кабинеті мен мекенжайын тінту барысында 54 миллион теңге мен 120 мың АҚШ доллары табылып, алынды.

Мелдебеков А. Астана Ішкі істер департаменті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот алды тергеу ісі жүргізілуде.

Жаңалықтар
0