Оқиға

Қызылордада білім саласындағы шенеунік парамен ұсталды

© Sputnikпара
пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам 300 мың теңге көлемінде кезекті пара алу үстінде ұсталды

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті дем бергені үшін білім беру мекемелерінің жетекшілерінен жүйелі түрде пара алып отырған білім беру саласын бақылау департаментінің жетекшісі ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Ол 26 сәуірде жеке колледждің өкілі Б.Әбуталиповтан білім беру қызметінен айыратын лицензияның күшін тоқтатпау үшін 300 мың теңге сомасында пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталған.  

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілер Р.Чагай мен Б.Әбуталиповтың Қызылорда қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 


Жаңалықтар
0