Өңірлер

Алдағы күндері аптап ыстық болып, бұршақ жауады

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері аптап ыстық болып, бұршақ жауады

АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алдағы үш күні аптап ыстық болып, найзағайлы жаңбыр жауады деп күтіледі. 

Қазақстанға жылжыған Антициклон, республиканың көптеген облыстарында ыстық және құрғақ ауа-райына түрткі болды.

Щучинскіде жауған бұршақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында ірі бұршақ жауды

Тек солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарын қоспағанда, кей жерлерде жаңбыр өтіп ауа температурасы климаттық нормадан төмен болды.

Алдағы үш тәулікте, атмосфералық фронттардың әсерінен, республикамыздың жекеленген аймақтарда батыс, солтүстік және шығыстарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады, найзағай кезінде екпінді жел және ауа температурасы қалыпты нормаға жуық болады деп болжануда.

Қазақстанның қалған аймақтарында ыстық ауа-райы әліде сақталады, термометр көрсеткіштері кей жерлерде 38-43 градусқа дейін жоғарылайды,  әдеттегіден 4-8ºС жоғары болады деп күтілуде.


Жаңалықтар
0