Саясат

Елбасы билікті қайта бөлу туралы заңға қол қойды

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түзетулер республикалық бюджетті пайдалану жөніндегі регламентке өзгерістерді қарастырады

АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сенат депутаттарының жалпы отырысы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев билікті қайта бөлу туралы: депутаттар белсенді түрде насихаттайтын болады

Заң Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық белгіленген жекелеген өкілеттіктерін мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлуге бағытталған. 

Конституциялық заңға енгізілетін аталған түзетулер "Президент туралы", "Үкімет туралы", "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Жаңалықтар
0