АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Саздинка өзеніне балық аулауға барған 59 жастағы ақтөбелік қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Қайғылы оқиға жуырда гипермаркеттердің бірінің маңында болды, ер адам электр желісінің астында балық аулап отырғанда, қармағы желіге тиіп кетіп, тоққа түседі. Балықшының денесі қатты күйіп, бірнеше күн ауруханада жатып, көз жұмады.
"Зардап шегуші 28 маусым күні таңғы 9-да түскен. Денесінің 50%-ы күйіп кеткен. Жарақаты аса ауыр болды. Үш күн бойы жан сақтау бөлімінде жатты. Көрсетілген емге қарамастан, науқас көз жұмды", — деп хабарлады дәрігер Нұрлан Әбішев.
Оның айтуынша, электр желілерінің маңында "адымдық кернеу" деген құбылыс болады, яғни желіге тиместен тоққа түсу қаупі бар.