Өңірлер

Ақмола облысында оқушылар теміржолда ойнап жүріп, тоққа түскен

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПойыздар
Пойыздар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әртүрлі деңгейлі күйік алған оқушылар ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Ақмола облысында жазатайым оқиға орын алды — екі оқушы тауар вагондарында ойнап жүріп, тоққа түсіп қалған, деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда телефонның тұндырғышқа түсіп кетуінен бір отбасы қаза болды

Оқиға 12 маусымда Ақкөл теміржол станциясында болған.

"Кәмелеттік жасқа толмаған екі бала тауар вагондарының төбесінде жүріп, тоққа түсіп қалған. Ауруханаға басы, мойыны мен денесінің 90%-ы 2-3 деңгейлі электр күйігін алған, 2003 жылы туған бала жеткізілді. 2003 жылы туған екінші баланың денесінің 20%-ы күйген", — деп мәлімет берді ІІД.

Төтенше оқиғаның мән-жайы тергелуде.

Жаңалықтар
0