АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Алматы облысының Қырғауылды кентінде жеке үй аумағында екі ересек адам мен 10 жасар қыз дәретханаға қазылған шұңқырға түсіп қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ТЖ жөніндегі облыстық департаментте ақпаратты растап, қайғылы оқиғаның 6 маусымда орын алғанын хабарлады.
Қаза тапқандар біріне-бірі туыс болған. Олар — 30 жастағы ер адам, 24 жасар бойжеткен мен 10 жасар қыз бала.
Ең алдымен тұндырғышқа ұялы телефонын түсіріп алған қыз құлап кеткен. Одан кейін қызды құтқармақ болған ересектер құлап кеткен. Ер адам қыздың әкесі болған, ал қыз бала – оның апасы. Полиция қаза табу дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.