АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілер мен платформалар терроризммен күрес жөніндегі ғаламдық интернет форумы құрылғаны туралы хабарлама жасады, деп жазады muftyat.kz.
Ол Facebook, Microsoft, Twitter және YouTube-ты біріктірді. Мұның мақсаты — лаңкестер туралы жалпы деректер базасын жасау, сондай-ақ қауіпті мазмұндарды анықтаудың жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу болып табылады.
Атап айтқанда, терроризмді насихаттайтын кез келген материалды іздеу және жою жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады. Ірі ғаламтор ресурстарының шешімі Біріккен Ұлттар ұйымымен құпталды.