АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Facebook негізін қалаушысы Марк Цукербергтің оқиғасынан шабыт алған он бес жасар Астана тұрғыны Бэла Темиева жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты.
Әдеттегі хабарлама алмасумен қатар әлеуметтік желі қолданушылары видеочат көмегімен байланыса алады. Желіні жасап шығарғандар ғаламтор браузерлеріне, Android және IOS жүйелеріне арналған үлгісін де ойлап тапты.
"Жобамның аты "CoffeeFold ", мағынасы "кофе" және "бума" дегенді білдіреді. Әлеуметтік желіні бұлай деп атауымыз бекер емес, себебі адамдар бір шынаяқ кофе ішіп отырып, әңгімелеседі ғой", — деді Темиева жоба презентациясы кезінде.
© Photo : "Асыл бала" РҚ бапсасөз қызметі"CoffeeFold " ғаламтор жобасының презентациясы
"CoffeeFold " ғаламтор жобасының презентациясы
© Photo : "Асыл бала" РҚ бапсасөз қызметі