Өңірлер

Қостанай облысында қорқынышты бұлттар тұрғындардың үрейін ұшырды

Жазылу
Әлеуметтік желіде қазақстандықтар мұндай бұлттар төндіретін қауіп-қатер туралы айтып жатыр

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Қостанай облысындағы әлеуметтік желі қолданушылары үрей туғызатын табиғи құбылыстардың суретін жариялауда. 

Меруерт Сәкімова - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шілде айына арналған ауа райы болжамы

Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде Павел Громов есімді қолданушы Әулиекөл ауданындағы ауылға төнген алапат бұлттардың суретін жариялапты. 

Суретке берілген жазбада мұндай құбылыс 2017 жылы 29 маусымда Мырзакөл ауылында да болғаны айтылған. 

Өзге қолданушылар да облыстың басқа аудандарындағы тұтасқан бұлттың суреттерімен бөлісуде. 

Облыс орталығы – Қостанайда қатты жауын жауып өтті, алайда жаңбыр бұлты әрі тарқаған жоқ. 


Жаңалықтар
0