АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. 17 жастағы Виктория Первухина 24 маусым күні үйінен кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Бойжеткен орталық базарда жұмыс істеп жүріпті. Қыз жоғалып кеткен күні әріптестері оны жұмыста көрген.
"Көрші бөлімдердің сатушылары оған бейтаныс бір жігіттің келгенін айтты. Біз оны тауып хабарластық, бірақ жігіт Виканың қайда екенін білмейді", — деп хабарлады жоғалып кеткен қыздың әпкесі Марина басылымға.
ШҚО ІІД хабарлағандай, полиция бойжеткенді іздестіріп жатыр.