АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Атырау облысының Бесікті кентінде сегіз жасар қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
14 маусым күні сағат 22:20-да облыстық ІІД-ге әйел кісі 2009 жылы туған қызының жоғалып кеткендігі туралы арызданды.
© Photo : ДВД Атырауской областиПропавшая в Атырауской области девочка
Пропавшая в Атырауской области девочка
© Photo : ДВД Атырауской области
Оның сөзіне қарағанда, сәрсенбі күні таңертең қыз бала "Бесікті" мектеп-интернаты жанындағы лагерге кеткен. Кешке, 17:15-те лагерден шыққан, бірақ үйіне оралмаған.
Полицияда қыздың мектепке жалғыз өзі немесе ересек адамдармен бірге барып жүргенін нақтыламады. Қызды ІІД-нің бүкіл жеке құрамы мен ата-аналар, сонымен қатар ерікті ауыл тұрғындары іздеп жатқаны атап көрсетілген.