АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі мен радиосы "Керуен" сауда ойын-сауық орталығының қолдауымен Астананың 20 жылдығына арналған "Целиноградтан Астанаға дейін. Қазақстан елордасы Sputnik объективінде" атты фотокөрме ашты.
Көрме 25 архивтік және заманауи жұмыстан құралған, 1963 және 2016 жылдар аралығын қамтиды.
Фотокөрме Целионградтан бастап, Ақмолаға, сосын Астанаға дейінгі Қазақстан елордасының салыну тарихын көрсетеді. Sputnik фотосуреттерінен Ленин алаңы қайда болғанын, Тың игерушілер сарайы қалай өзгергенін, Целиноградқа алғаш қоныстанушылардың ескерткішін көре аласыздар.
"Астана тұрғындары мен қала қонақтарын Елордамыздың туған күнімен, әсіресе, ЭКСПО көрмесі өтіп жатқан жылы ерекше құттықтағымыз келді. Sputnik Қазақстан осы фотокөрме арқылы ескерткіш жерлерді байырғы тұрғындардың есіне салып, елорда қонақтарына Астананың салыну тарихын баяндағысы келеді", — деп атап өтті Sputnik Қазақстан бас редакторы Ольга Коваленко.
Көрме 2017 жылдың шілде айының ортасына дейін ашық болады, мекенжайы: Астана қаласы, Достық көшесі,9, "Керуен" СОСО.
Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.
Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik құрамына отыздан астам тілдегі сайттар, баламалы және сандық радиохабар, ұялы телефондарға арналған қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар енеді.
Sputnik Images — Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі мен радиосының фотобанкі, оның мультимедиялық және ақпараттық орталықтары ондаған елдерде ұсынылған. Sputnik ақпараттық порталдар, аналогтық және сандық радио таратылым, мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардан тұрады. Sputnik жаңалықтар таспасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығарылады.