Видео

Sputnik Елбасының бұрын жарияланбаған суреттерін ұсынды

Жазылу
Фотокөрме – бұл Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен алынған сәттер бейнеленген 30 мұрағаттық сурет. Жұмыстар 1990 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды.

Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі және радиосы Астанадағы Ұлттық мұражай алаңында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи суреттерін ұсынды.  "Елді өзгерткен тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде" фотокөрмесі – бұл Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен алынған сәттер бейнеленген 30 мұрағаттық сурет. Жұмыстар 1990 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды.

"Біз бұл фотокөрмені мемлекеттік тапсырыспен емес, жүрек қалауымызбен ұйымдастырдық. Sputnik фотобанкін өзіміз отырып ақтардық. Дәл осы фоосуреттерді таңдап, назарларыңызға ұсынайық деп шештік. Осылайша, мемлекет басшысының жолын, еліміздің жолын көрсеткіміз келді…" – деді Sputnik Қазақстан агенттігінің бас редакторы Ольга Коваленко. 

Көрме барлық қызығушылық танытқандар үшін  2016 жылғы желтоқсанның ортасына дейін Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54 мекен жайы бойынша ашық болады. 

Sputnik Images — Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі мен радиосының фотобанкі, оның мультимедиялық және ақпараттық орталықтары ондаған елдерде ұсынылған. Sputnik ақпараттық порталдар, аналогтық және сандық радио таратылым, мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардан тұрады. Sputnik жаңалықтар таспасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығарылады.

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.

Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik құрамына отыздан астам тілдегі сайттар, баламалы және сандық радиохабар, ұялы телефондарға арналған қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар енеді.

Жаңалықтар
0