Мәдениет

"Каzaхи" командасы КВН жазғы кубогын жеңіп алды

© Photo : Управление культуры Астаны"Каzaхи" командасы КВН жазғы кубогын жеңіп алды
Каzaхи командасы КВН жазғы кубогын жеңіп алды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада алғаш рет КТК-2017 жазғы кубогы өтті

АСТАНА, 2 июл – Sputnik. Астанада алғаш рет КТК-2017 жазғы кубогы өтіп, оның жеңімпазы "Казахи" командасы болды, деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы. 

Үздік көңілді әрі тапқыр командалар елордада бас қосты – "Азия MIX", Камызяк аймағының құрамасы, "Город Пятигорск" және "Каzахи". Қазылар алқасының құрамына Михаил Галустян, Валдис Пельш, Сергей Светлаков, Екатерина Стриженова, Юлий Гусман, Семён Слепаков, сондай-ақ алғаш рет Байғали Серкебаев енді. КВН атты музыкалық оркестрдің "дирижері" жоғары лиганың жүргізушісі Александр Васильевич Масляков болды.

Спарта - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Спарта" КТК командасы Жоғарғы лиганың жартылай финалына өтті

Ойын барысында ТМД-ның түкпір-түкпірінен жиналған командалар қазақи нақышта ән салып, қалжыңдады. Пятигорск ойыншылары еліміздің көп ұлттылығының белгісі ретінде сахнаға қазақ және орыс халықтарының ұлттық киімдерін киіп шықты, "Азия Mix" залмен бірге Дильназ Ахмадиеваның "Золотой" әнін орындады, ал "Камызяктар" "Казах без понтов — беспонтовый казах" миниатюрасын сахналады. 

Астананың нышаны "Бәйтерек" түріндегі бас жүлде – Кубок жеті жыл өткен соң сахнаға толық құрамда өнер көрсеткен "Каzахи" командасының ойыншыларына бұйырды. Айта кетейік, Көңілділер және тапқырлар клубының ойындарына 15 жыл бойы қатысқан қазақстандық команда алғаш рет жүлдеге қол жеткізіп отыр. 

Бессменный ведущий КВН Александр Масляков - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Александр Масляков Астанада КТК-ның жоғарғы лигасының жазғы кубогін өткізеді

2010 жылы Турсынбек Қабатов Қазақстанда жарқырайтын аллюминий шар болатынын болжап айтқан болатын, бүгінде ол ЭКСПО аумағында орналасқан. Бұл жолы танымал ойыншы Қазақстанда 500 метрлік шыны домбыра салынады деп пайымдады.

"Домбыра жел соққанда дыбыс шығарады", — деді ол өз қалжыңында. – Біз жазғы кубокқа қол жеткіземіз, бірақ менің болжамдарым тек жеті жылдан кейін ғана орындалады".  

Бірақ қазылар алқасы басқаша шешім қабылдады.

Сергей Светлаков ойынның ерекше өткендігін атап өтті. Валдис Пельш кештің алғашқы минуттардан-ақ көңілді болғанын жеткізді. Қазылар алқасының жаңа мүшесі Байғали Серкебаев КТК-ның көрермендер залында алғаш рет отырғанын айтты. 

Нұр Отан партиясы жаңа мүшелермен толықты - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Спартадан" "Нұр Отанға": КТК команда капитаны партия қатарына енді

"Қатты толқыдым, бірақ ойыншылар сахнаға шыққан бетте-ақ сабама түстім. Әр команда керемет әсер қалдырды, шынымен де, көзден жас шыққанша күлдік. Бәрі де әсерлі, музыкалық болды. Рахмет!", — деді "A-studio" тобының мүшесі.

Михаил Галустян әдеттегідей, әр командаға жеке сипаттама беріп, "Каzахи" командасының фундаменталды өнер көрсеткендігін атап өтті. Қазылар алқасындағы жалғыз әйел Екатерина Стриженова да ойыннан жақсы әсер алғанын мәлім етті. 

"Ұлы мемлекет, ажарлы Астана! Бұл жердің ауасы ерекше, өйткені бүгін әрбір команда серпінді қадам жасады. Бақыттан жүрегім жарылып кетпесе екен, дүниенің кеңідігіне қарамастан адамдар бір-біріне өте жақын!", — деді Екатерина Стриженова.

Юлий Гусман баршаны қазақ тілінде қошеметтеп, қазақ тіліндегі әзіл-қалжыңды түсініп отырғанын және оның әзербайжан тіліне ұқсас екендігін жеткізді. 

Қазақстандық КВН-щиктер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Танымал қазақстандық КВН ойыншылары соңғы рет сахнаға шығады

"Бүгін ойыншылар барлық мәтінді айтты, барлық әнді орындады және КТК планетасында нүкте қойды. Осы бір әдемі қалаға келудің өзі бір ғанибет. Бәріңізге осы керемет кеш үшін алғыс айтамын", — деді Юлий Гусман.

Айта кетерлік жайт, бүгінгі әзіл-сықақ кешінде бәрі де өзін нағыз қазақтай сезінді – "Камызяктар" командасынан Азамат та, Ярослав та ("Каzахи"), тіпті Семен Слепаков та: "Бүгін өзімді аздап қазақтай сезіндім. Осындай ду қол шапалақты бұрын-соңды естімеппін".

"Қазақстан" ОКЗ жиналған көрермендер ойыншыларды қолдап, демеп отырды. 

Ойынның қорытындысы бойынша Пятигорск қаласы — 10,2 балл, "Азии MIX" — 11,1 балл, Камызяк аймағының құрамасы 11, 8 балл, "Каzахи" командасы — 12 балл жинады. КТК-2017 жазғы кубогы нақ осындай нәтижемен аяқталды.

 


Жаңалықтар
0