Саясат

"Спартадан" "Нұр Отанға": КТК команда капитаны партия қатарына енді

© Photo : официальный сайт партии "Нур Отан""Нұр Отан" партиясы жаңа мүшелермен толықты
Нұр Отан партиясы жаңа мүшелермен толықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұр Отан" партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

АСТАНА, 1 нау – Sputnik. "Спарта" көңілді тапқырлар клубының капитаны Данияр Жұмаділов "Нұр Отан" партиясының қатарына енді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Жұмаділовтан басқа партия қатарына жас ғалым-математик Ержан Домалатов, инженер-энергетик Асылбек Жалмұханбет, бизнесмен және  программист Самат Биғазы, шахтер Валерий Котвицкий, фермерлер  Ғалымжан Исағалиев пен Мерей Рымбеков, болашақ металлург Олег Шевяков, кәсіпкер  Алан Жуков, "Әбіш әлемі" республикалық театр фестивалінің гран-при жүлдесінің иегері Жәзира Қожахметова, жас ұстаздар арасындағы республикалық олимпиаданың лауреаты Кнара Нахапетян,  муай-тай бойынша әлем чемпионы Әділет Берікқалиев, журналист Жандарбек Бұлғаков, ақын  Марғұлан Ақан кірді. Сонымен қатар, партия тізімі "Күміс көмей жезтаңдай" республикалық байқауы гран-при жүлдесінің иегері Рухия Байдукенова, Республикалық дебаттық турнирдің дипломанты  Қаракөз Амантай және әйелдер боксы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Назым Ищановамен толықты.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «нұротандықтарды» айтулы мерекемен құттықтай келіп, қарқынды дамыған 18 жылдың ішінде партияның бірлікті, тұрақтылық пен Қазақстанның гүлденуін қолдайтын Елбасының жақтастарын жұмылдыра отырып, оның сенімді саяси тірегі бола білгенін атап өтті.

"Біздің партиямыздың қатарын толықтырғандардың ішінде иновацияны енгізіп жатқан көптеген жас инженерлердің, ғалымдар мен бизнесмендердің болуы өте маңызды. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында жария еткен Үшінші жаңғырудың қозғаушы күші – мына сіздер болуға тиіссіздер. Партияның барлық күш-жігері Президентіміздің алдымызға қойған осы ауқымды міндеттерін табысты іске асыруға бағытталуы керек", — деп атап өтті Мұхтар Құл-Мқхаммед. 

Баспасөз қызметінің атап өтуінше, сәрсенбіде бүкіл Қазақстан бойынша партия қатарына қабылдаудың  салтанатты рәсімі болып өтті. 


Жаңалықтар
0