АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. Азық-түлік бағаларының өсімі инфляцияның нақты цифрларына сәйкес келмейді. Экономистердің атап өтуінше, Қазақстандағы нақты инфляция ресми деректерден біршама жоғары. Қазақстан дүкендеріндегі баға төмендемей, керісінше біртіндеп өсіп келеді, нәтижесінде орта статистикалық отбасының тамаққа деген шығыны ай санап өсіп келеді.
Бағалық есеңгірету
Ranking.kz порталы сарапшыларының деректеріне сәйкес, 2017 жылдың бірінші тоқсанында ғана қазақстандықтардың азық-түлік өнімдерін сатып алуға шығындарының үлесі өткен жылғы қаңтар-наурыздағы 44,4%-ға қарсы 45,9%-ды құрайды. Бұл соңғы 5 жыл ішіндегі жылдың алғашқы үш айына ең жоғары деңгей, деп атап өтеді сарапшылар.
Ал жаз түскелі бері бағалар барлық рекордтарды жасады: ет пен ет өнімдері қымбаттап, ал кейбір көкөністер бірден 20%-ға өсті. Бұл туралы өзге сараптамалық Energyprom.kz порталы хабарлап келесі цифрларды келтіреді: жалпы ел бойынша қырыққабат бағасы 17,2%-ға, қызылша — 6,1%-ға қымбаттаған.
Астана әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы мамырда пияз (41,9%), картоп (22,2%) және сәбіз (18,2%) бағасының біршама өсімін тіркеді.
Дегенмен, бұл әлі шек емес. Елдің ауылшаруашылық өндірушілері "Атамекен" ҰКП өкілдерімен кездесуде Қазақстандағы еттің бағасына қатысты болжамдарымен бөліскен. "Байсерке-Агро" директоры Алтай Кенжебаевтың пікірінше, алдағы уақытта еттің бағасы қымбаттауы мүмкін, өйткені жем бағасы өскен.
Шаруалар да ағымдағы жылы тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарының қымбаттағанын алға тартады. Бұл осы жылғы өнім нарыққа шыққанда бағасы өткен жылғымен салыстырғанда жоғары болады деген сөз.
Реттеуші не дейді
Бұл ретте Қазақстандағы ресми инфляция 2017 жылғы қаңтар-мамырда 7,7%-ды құраған, яғни Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев атап өткендей, Қазақстанда инфляция әзірге мақсатты дәлізде тұр.
"Азық-түліктің белгілі бір түрлеріне, атап айтқанда көкөніс пен етке бағаның өсу есебімен инфляция төмендеуін баяулатты", — деді елдің бас банкирі журналистермен өткен кездесуде.
Ақышевтың сөзіне қарағанда, көкөніс пен ет бағасының өсімінен болған есеңгіреу соңғы үш айда байқалып жатқан азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуінен жартылай орнын толтырылып жатыр.
Дегенмен Ұлттық банк басшысы инфляцияның дәліздің (яғни 8%-дан жоғары болады) жоғарғы шегіне шығуын және азық-түлік тауарлар нарығында есеңгіретерлік ұсыныстардың жалғасатынын жоққа шығармайды.