Экономика

Ақырын, ақырын, бағалар: Қазақстанда қарашадағы инфляция 1,2%-ды құрады

Жазылу
Қазақстанда бағалар аз қарқынмен өсе бастады деп хабарлайды республиканың Ұлттық банкі. 2016 жылы қарашада инфляция 1,2%-ды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе төмен. М3 ақша массасы 12,3%-ға көбейді.

АСТАНА, 7 жел – Sputnik.  Қазақстанда қараша айында инфляцияның өсу қарқыны 1,2%-ға дейін төмендеді, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3,7% болатын деп хабарлады республика Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

"2016 жылғы қарашада инфляция 1,2% (2015 жылғы қарашада – 3,7%) болды. Азық-түлік тауарлары 2,0%-ға (3,3%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%-ға (6,5%-ға), ақылы қызмет көрсету – 0,5%-ға (1,4%-ға) қымбаттады", — делінген хабарламада.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2016 жылғы қарашада жұмыртқаның бағасы – 18,0%-ға, көкөністер – 9,0%-ға, нан – 2,3%-ға, кондитерлік өнімдер – 2,0%-ға, жемістер – 1,9%-ға, алкогольсіз сусындар – 1,8%-ға, сүт өнімдері – 1,7%-ға айтарлықтай өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында дизель отынының бағасы 4,0%-ға, бензин – 2%-ға, галантереялық тауарлар – 2%-ға, тұрмыстық және тоқыма бұйымдар – 1,8%-ға, дәрі-дәрмектер – 1,3%-ға өсті.

Ақылы қызмет көрсету тобында амбулаторлық қызмет көрсету 1,3%-ға, көлік – 0,8%-ға, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету – 0,6%-ға, оның ішінде ыстық судың тарифтері 2,8%-ға, орталық жылыту – 1,1%-ға қымбаттады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2016 жылғы 11 айда инфляция 7,5% (2015 жылғы 11 айда – 12,3%) болды. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 7,8%-ға (9,6%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,6%-ға (21,3%-ға) өсті. Ақылы қызмет көрсету 11 айда 6,0%-ға (6,7%-ға) қымбаттады.

Жаңалықтар
0