Өңірлер

Алматыда екі аудан әкімі қызметін ауыстырды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтумемқызметкерлер
мемқызметкерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалалық әкімдікте кадрлық орын ауыстырулар болды

АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Оңтүстік астанада бір дегенде екі аудан әкімі қызметтерін ауыстырды. Бұл туралы Алматы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Тимур Базарбаев Facebook желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеген. 

Автобустар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өзбекстандық келімсектер Алматыда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған

Сонымен, Алатау ауданы әкімі Бағдат Манзоров Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жетісу ауданы әкімі Талғат Разақов Алматы қаласы еңбек және көші-қон мемлекеттік инспекциясы басқармасын басқарады. 

Қала әкімі Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалғандарға бірқатар тапсырма беріпті. Манзоровқа қаладағы салынып жатқан нысандарды түгел қамтып, бақылайтын жүйе ұйымдастыруды тапсырса, Разақов заңсыз жұмыс күшін пайдаланумен күресу, жалақының кешіктірілу мәселесін шешу, сараптаманы негізге ала отырып, басқару жүйесін өзгертумен айналысады.


Жаңалықтар
0