Қоғам

Астанада автокөлік Конгресс орталығының баспалдағына шығып кеткен

© Photo : аккаунт ztb_kz в InstagramЭКСПО аумағында автокөлік баспалдаққа шығып кеткен
ЭКСПО аумағында автокөлік баспалдаққа шығып кеткен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Астанада Конгресс орталығының баспалдағына шығып кеткен көлік жүргізушісіне 30 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Автобустар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өзбекстандық келімсектер Алматыда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған

Бұдан бұрын әлеуметтік желі қолданушылары көліктің суретін жариялаған болатын. 

Ведомство атап өткендей, қалалық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі баспалдаққа шығып кеткен 017 AV нөмірлі Mercedes көлігінің суретін тексерді. 

"Нәтижесінде бұл көліктің жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 15 АЕК (34 мың 35 теңге) көлемінде айыппұл салынды", — деп хабарлады департамент Sputnik Қазақстанға


Жаңалықтар
0