АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Полицейлер құрылысы бітпеген үйдің жертөлесінде тастап кеткен емшектегі баланың анасын тауып алды, деп жазады "Мой город" басылымы.
Әйел Орал қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Жігітімен ұрсып қалып, ол нәрестесін "Сәбилер үйіне" өткізуді ұйғарады. Алайда ғимаратты таба алмай, сәбиді құрылысқа қалдырып кетеді.
"Қыздың ата-анасы ол ұлымен бірге ауданға қонаққа барамын деген соң осы уақытқа дейін немересін іздемеген. Сәбиін ол 9 маусымда дүниеге әкелді. Қазір ол баласын үйіне әкеткісі келеді. Алайда енді шешімді сот қабылдайтын болады. Оған ҚР ҚК-нің 119-бабының 1-бөлімі бойынша 100 АЕК (226 мың 900 теңге) немесе 100 сағат түзету жұмыстарына жіберу түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін. Егер балаға зиян келген жағдайда, онда әйел осы баптың екінші бөлімі бойынша жазаланатын еді. Оған сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", — деп мәлім етті ІІБ аға инспекторы Динара Әбдіхалықова.
Емшектегі бала Оралдағы салынып жатқан үйдің құрылысында 26 маусымда табылды. Жылап жатқан сәбиді аумақты қарап жүрген кезде күзетші көріп қалған.