АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Сот сол күйі Almaty Towers бизнес орталығындағы өрт туралы іс бойынша басты сот отырысының басталу уақытын тағайындамады – ол прокуратураға қайтарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сот залынан.
"Бас сот отырысы тағайындалған жоқ, істі жаңа процессуалдық келісімге келу үшін прокуратураға қайтарды. Алғаш рет прокуратураға қайтарған кезде, қаулы заң күшіне енбеген болатын. Біз оған қалалық сотта шағым түсірдік. Іс жүзінде ол қаулы жойылған, енді сот қайтадан сондай қаулы шығарып отыр. Шағым түсіреміз бе, жоқ әлде жаңа процессуалдық шешімге келеміз бе шешім қабылдайтын боламыз", — деді адвокат Әлімжан Оралбай.
Бұдан бұрын Алматының Бостандық ауданының прокуратурасы процессуалдық келісімге келу туралы өртеніп кеткен батут орталығының директоры Дәурен Тұяқовтың өтінішін қанағаттандырған болатын. Барлық жәбірленушілер қолдап, сотталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындаумен келіскен.
Almaty Towers кешеніндегі өрт 6 қараша күні кешке орын алған. 25 қабатты екі мұнараға жалғасқан алты қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Бастапқыда бір адамның көз жұмғаны туралы айтылды – ол 54 жастағы дәнекерлеуші болатын. Келесі күні ТЖД тағы төрт адамның денесі табылғанын хабарлады. Бастапқы болжам бойынша, олар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар болған. Бірнеше сағаттан соң тағы бір адамның денесі табылғандығы айтылды. БАҚ-тардың хабарламасына сәйкес, өрт ашылуға дайындалып жатқан батут орталығың ғимаратынан шыққан.