АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Алтыншы сайланған ҚР Парламенті екінші сессияны жабып, парламенттік каникулға кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Екінші сессияда қос палатаның екі бірлескен отырысы, Мәжілістің 38 және Сенаттың 25 жалпы отырысы өткен.
Бұл кезеңде Парламент қарауына 111 заң жобасы түсіп, оның 84-і қабылданды. Олардың ішінде 15 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды.
Парламент қабылдаған 66 заңға Президент қол қойып, бүгінде олар өз күшіне енді.