Саясат

Нығматулин: Парламенттің екінші сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңде өтті

© Photo : пресс-служба парламента Республики КазахстанНұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парламент екінші сессияда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Алтыншы шақырылған Парламенттің екінші сессиясында депутаттардың қарауына 111 заң жобасы түсіп, оның 84-і қабылданды, деп хабарлады Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. 

ҚР Парламент үйі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусымда өтеді

"Алтыншы шақырылған Парламенттің екінші сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңде өтті деп айтуға болады. Парламент депутаттары Президентіміздің тарихи тұлғасын ашатын, егемен еліміздің даму жолын көрсететін, келешек ұрпақтарға мұра болып қалатын маңызды құжат – ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясын қабылдады. Ал еліміздің жаңа даму кезеңі конституциялық реформадан басталды. Бұл тікелей халқымыздың болашағы үшін жасалған өте маңызды қадам. Президенттің өкілеттігі үкімет пен парламентке бөлінді",  - деді Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысында. 

Оның айтуынша, осы сессияда Президент қойған жаңа міндеттерді сапалы заңдарман қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. 

"Осыған байланысты Парламент "ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады. Сонымен бірге жаңа реформаны тиімді іске асыру үшін көптеген заңдарға өзгерістер енгізілді. Екінші сессияда қос палатаның екі бірлескен отырысы, Мәжілістің 38 және Сенаттың 25 жалпы отырысы өтті", — деді ол.

Бұл кезеңде Парламент қарауына 111 заң жобасы түскен, оның 84-і қабылданды. Олардың ішінде 15 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болдған. Парламент қабылдаған 66 заңға Президент қол қойып, бүгінде олар өз күшіне енді. 

"Соның ішінде біздің парламент еліміздің сыртқы саясатын қамтамасыз етуге, халықаралық байланысты дамытуға, елдер арасындағы қызметті реттеуге, басқа да салаға арналған көптеген халықаралық келісімдерді ратификацияланды. Біздің жұмысымыздағы тағы бір маңызды өзгеріс ол парламент жұмысының ашық болуы. Мысалы, жалпы отырыстар, үкімет сағаттары онлайн режимде көрсетілді", — деді Мәжіліс төрағасы.

Жаңалықтар
0