Оқиға

Ақмола облысында мұғалім қылмыстық топтың басшысы болды

© AFP 2024 / Luis Robayoшприц
шприц - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есірткі сатушылар тобының құрамына алты адам кірді

АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Ақмола облысында есірткі сату бойынша қылмыстық тобы құрылған, оны ағылшын тілі пәнінің мұғалімі басқарған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Ақмола облысында мектеп мұғалімі героин саудасымен айналысты деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, алдымен тауар жеткізуші және мұғалім мен оның күйеуі, Одесское ауылында есірткі алып жатқан кезінде қолға түскен. 

Марихуана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
СҚО тұрғыны пошта арқылы есірткі алып сатқан

Ал тағы үшеуін күдіктілердің көрсетуі бойынша ұстаған. Тергеу мәліметінше, ауыл мектебінде, бастауыш сыныпқа ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалима есірткі бизнесін әбден дөңгелеткенге ұқсайды. Оған клиенттері телефон арқылы тапсырыс беріп отырған. Ал ұстаз тауарды жеке автокөлігімен үйлеріне жеткізіп тұрыпты. Оны кезекті саудасы кезінде ұстаған полицейлер, үйінен 16 грамм героин және 200 мың теңге ақша тәркіледі. Қазір жазғы демалыста жүрген мектеп мұғалімі бұл есірткі бизнесіне тағы 5 адамды тартқан. Қылмыстық топты басқарған әйелдің қолы тимей қалғанда, есірткіні азаматтық некедегі күйеуі жеткізіп тұрыпты. Аталған қылмысқа кәмелетке жасы толмаған қызы, сіңлісі де тартылған болуы мүмкін дейді полицейлер.

"Қазір 3 адам қамауға алынды. Мектеп мұғалімінің өзі, күйеуі және есірткі жеткізіп тұрған азамат. 3 күдікті қолхатпен жіберілді. Бұлардың қатары әлі де көбеюі мүмкін. Өйткені олар есірткіні осы маңайдағы Степногор қаласында, Шортанды, Ақкөл аудандарында сатты деген күдік бар", — деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук. 


Жаңалықтар
0