Өңірлер

СҚО тұрғыны пошта арқылы есірткі алып сатқан

© Sputnik / Юрий Абрамочкин / Медиабанкке өтуМарихуана
Марихуана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петропавл тұрғынына Жамбыл облысынан пошта арқылы есірткі жіберілген

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Шу қаласынан пошта арқылы марихуана мен наша алып сатқан әйел адамды он жылға соттады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Героин - Sputnik Қазақстан
Оқиға
47 млн-ның мөлшері: Ақкөлде елордалық есірткі нарығының "серкесі" ұсталды

Іс деректеріне жүгінсек, 2016 жылы жазда 43 жастағы Павлодар тұрғыны "Қазпошта" АҚ №9 қалалық бөлімінде Жамбыл облысы Шу қаласынан екі сәлемдеме алып тұрған сәтінде ұсталыпты. Қомақты картон қораптарда 17 килограмм кептірілген марихуана және 500 грамм наша болған. 

Тергеу анықтағандай, әйел адам мұндай сәлем-сауқатты оңтүстіктен бұдан бұрын да алып тұрған екен. Бұрын бірге тұрған ер адамының танысы Мұса әйелге пошта арқылы есірткі қабылдап, тапқан қаражатты банк шотына салып отыруды ұсынған.

Сот әйел адамды 297-бап 3-бөлік 3-пункт бойынша айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды және қылмыстық жолмен тапқан бар мүлкін тәркіледі.  


Жаңалықтар
0