АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Сот ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновті 8 жылға бас бостандығынан айыра үкімін шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
Қылмыстық іс Астана қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
"Сот Хасенов Сақташты 366-баптың 3-тармағында (пара палу) қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді үкім етеді", — деді судья Әділхан Шайхисламов.
Ал Хасеновтың сенімді өкілі болған ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы қызметкері Елена Решетько пара алуға көмектескені үшін 4 жылға сотталды.
Хасенов пен Решетько қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейтін болады. Сондай-ақ олар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Қылмыстық жолмен келген мүліктері де тәркіленеді.