АСТАНА, 7 қар – Sputnik. Пара алды деген күдікпен ұсталған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов жақында су жаңа Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін сатып алған деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро.
Тергеу жұмыстарының анықтауынша, Хасенов Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат бергені үшін ай сайын пара алып отырған. Ол сенімді адамы Решетькомен бірге ай сайын кәсіпкерлердің Қазақстанға әкелінетін өнімнің әр келісіне ақы төлеуіне тура келген белгілі бір сома белгілеп отырған.
Осы жылғы наурыз бен қазан аралығында ел аумағына 7,4 мың тоннадан астам құс еті әкелінген. Алынған пара көлемі 37 миллион теңгеге жеткен.
Қазіргі уақытта Хасенов сот санкциясымен тұтқындалды. Сот алды тергеу жүріп жатыр.