Оқиға

АШМ-ның комитет басшысы парамен ұсталды

© Sputnikақша
ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қасенов Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырды деп мәлімдеп отыр.

АСТАНА, 4 қар — Sputnik. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов бірнеше рет пара алды деген күдікпен  ұсталды, деп хабарлайды  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы. 

Тұңғышбай Жаманқұлов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды

"Комитет төрағасы  Хасенов бұрын Министрлікте жұмыс істеген өзінің сенімді адамы  Решеткомен алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталды. Хасенов белгіленген баға бойынша жүйелі түрде пара алып отырған", — делінген хабарламада. 

Бюроның хабарламасына сәйкес, Қазақстан аумағы бойынша 1 000 тонна құс етін кедергісіз өткізуге рұқсат бергені үшін "Хладоленд" ЖШС басшыларынан 5 млн теңге көлемінде кезекті пара алу барысында  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  Хасенов пен Решетьконы  ұстады. Олар кінәларын толықтай мойындады. Қазіргі уақытта комитет төрағасы абақтыға жабылды", — деп атап көрсетілген хабарламада.

Жаңалықтар
0