АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген бюджеттік қаражатты қымқырды деген күдікпен ұсталды жеп хабарлайды Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы.
Тергеу жұмыстары нәтижесінде "Қазақфильм" АҚ фильм түсірілімінің дайындық алды және дайындық кезеңдері үшін "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-не 79 миллион теңге қаражат аударған.
"Оның 69 миллион теңгесін "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС құрушысы, кинокартинаның бас продюсері Жаманқұлов қымқырған. Ақшалай қаражат қосалқы мердігерлік ұйымдар арқылы алынып, Жаманқұловқа беріліп отырған", — делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Г. Искакова мен фильмнің атқарушы продюсері Н. Юдина ақшалай қаражат қымқырды деген күдікке ілінді. Олар сот санкциясымен қамауға алынды.