АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Қыздарға қырғидай тиеді деп және сыбайлас жемқорлық сипатындағы бірқатар айып тағылып отырған Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қарсыластары соттың істі қарауы кезінде қолында бар әкімшілік ресурстарымен сот пен тергеуге қысым көрсетпеуі үшін уақытша қызметтен кетуі тиіс деп санайды.
Бұл уәжді алға тартып отырған мәдениет және спорт министрлігі мен Мұхамедиұлын "Феникс" фильмін қаржыландыру үшін пара талап етті деп айыптап отырған режиссер Талғат Жәнібековтің адвокаты Амангелді Жәнібеков.
Мәдениет және спорт министрілігінің басшысы айыптаулардан бас тарып, режиссерді сотқа берді. Бұл мәселе бойынша министрге қатысты іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Министрдің Талғат Жәнібеков үстімнен жала жапты деген шағымы бойынша іс елорданың Сарыарқа аудандық сотында қаралып жатыр.
"Егер сенің абыройың мен арыңа нұқсан келтірсе, ең болмаса өзің уақытша істен сыртта қала тұр деген тәртіп бар (…). Уақытша болса да, министр әкімшілік ресурстары мен арсеналдарын пайдаланбауы үшін кетуі тиіс", — деді Жәнібеков бейсенбіде Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында.