АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. Көптеген еркін адамдар жұмыс таба алмай жүрген қаржы дағдарысы кезінде, ағымдағы жылдың басынан бастап, облыстың түзету мекемелерінде 11 жаңа өндіріс ашылып, 159 сотталушы жұмыспен қамтамасыз етілді.
Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың сөзіне қарағанда, сотталушылар жұмысқа құлшына кірісіп, жаңа мамандық игеруге тырысып бағуда екен. Тәртіпті бұзбай жұмысқа деген ұмтылыс байқалатын көрінеді.
"Бұрын көпшілік сотталушылар бостандыққа шығып жұмыс таппаған соң қайта қылмыс жасап, түрмеге оралатын", — дейді прокурор.
"Енді үш еселі әсер – бір жағынан сотталушылар үшін еңбек терапиясы, екінші жағынан өз кәсібімен жұмыс істеу немесе қызығушылық танытатын саласы бойынша жаңа тәжірибе алу мүмкіндігі. Ал үшіншіден – өз еңбектері үшін сотталушылар жалақы алады, ол өз кезегінде өздерінің жеке есеп шоттарында жиналып жатады. Яғни бостандыққа шыққан сотталушының адал өмір сүруіне мұрындық болатын таза еңбегімен тапқан ақшасы болады", — деп атап өтті Сыбанқұлов.
Сотталғандар колонияларда раритетті автокөліктерді қалпына келтіріп, қозы құйрық өсіреді, ағаштан ұлттық ыдыс, киіз үй, құрылыс материалдарын шығарады, қоян бағады, көкөніс өсіреді.
"Мәселен, "Чернявская" ЖК көн бұйымдары – сөмке және портмоне жасайды, "Жебе" ЖК – трикотаж бұйымдарын, ал "Шарипова" ЖК металл заттарын жасайды", — деп қосты облыс прокуроры.
Прокуратурада жүргізілген жұмыстар нәтижесінде сотталушылар қоғамға жұмыс істегісі келетін адал азамат ретінде оралып, қайта қылмыс жасауға бармайды деген үмітте.