Оқиға

Қостанайдағы бала қазасының мән-жайы белгілі болды

CC0 / Poperopop / Бүлдіршін судың жағасында
Бүлдіршін судың жағасында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеудің алдын ала болжамы бойынша бала суға батып кеткен болуы мүмкін

АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. 10 жасар Рашит Харикоглының өлімін тергеудің алдын ала нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды alau.kz. Рашит Харикоглы сенбі, 24 маусым күні түстен бастап іздестіріле бастады. 

шомыу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде кішкентай бала өзенге ағып кетті

Жексенбі күні іздеу шараларына еріктілер мен сүңгірлер қосылып, жедел тергеу тобы құрылды. 

Баланың денесі 26 маусымда екі тәуліктен астам уақыттан кейін ПИК аумағындағы саяжайлардағы судан табылды. Баланың анасы мүрдені таныды. 

"Сот-медициналық сараптама қорытындыларына сәйкес, жеткіншектің көз жұмуының себебі суға толық сүңгіген кездегі тыныс алу жолдарының толу жағдайындағы механикалық асфиксия болған", — деп хабарлады облыстық прокуратураның басқарма бастығы Қайрат Жүсіпов. 

Қазір тергеу жалғасып жатыр, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. 

Баланың достарымен бірге бақшалық қауымдағы котлованға барып, шомылмақ болғаны елгілі. Бала суға бата бастаған, оған ешкім көмек көрсете алмады. 


Жаңалықтар
0