Оқиға

Ақтөбеде кішкентай бала өзенге ағып кетті

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтушомыу
шомыу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Достарымен бірге шомылып жүрген бала, солардың көзінше суға кетті

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде сегіз жасар бала  Саздиника өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі. 

Алматыдағы өзен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған екі жігіт қаза болды

Көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда, бала өзенде туыстарының қарауысыз болған. Құтқарушылардың айтуынша, оқиға туралы маңынан өтіп бара жатқан әйел хабарлаған. Оған өз кезегінде, баламен бірге шомылған балалар айтып берген. 

"Оқиға туралы қоңырау жедел құтқару жасағының кезекшілік диспечерлік қызметіне 26 маусымда сағат 13:57-де келіп түсті. Он минутта біздің қызметкерлер оқиға орнында болды. Бес минут ішінде баланың денесін тапты", — деп түсіндірді Ақтөбе облысы ТЖД жедел құтқару жасағының кезекшілік диспечерлік қызметінің жетекшісі Оксана Кичигина. 

Жыл басынан бері, ТЖД ақпараты бойынша Ақтөбе облысының суларында он адам қаза тапқан, олардың жетеуі бала. 


Жаңалықтар
0