АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Алматыдағы банк тонауын тергеу қалалық ішкі істер департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
"ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу жедел тобының құрамына қаланың криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі із кесушілері кірді. Екінші деңгейлі банктерінің бірі тоналды. Тергеу барысы Алматы ІІД-нің ерекше бақылауында", — деді Әзірбек.
Осылайша, полицейлер коммерциялық банкті тонау дерегін растады. Осының алдында Алматы ІІД-де ресми түрде тек тонау дерегін ғана растап, ұйымды атамаған болатын.
Бұдан бұрын полиция ведомствосындағы конфеденциалды дереккөзінен Sputnik Қазақстан "Альфа банк" ғимараты мен паркинг арасындағы бөлмеде банк кассирінің тоналғанын білген. Бейтаныс адам тапаншамен қорқытып, жәбірленушіден 65 миллион теңге алып кеткен.