АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Мақсат Үсеновке қатысты сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
ҚР инвестициялар және даму министрлігі Үсеновті ұшақтың қауіпсіз ұшуына кедергі келтіретін жайтқа себеп болғаны үшін жауапқа тартқан.
Процес таңертең өтуге тиіс болғанымен, Мақсат Үсенов сотқа уақытылы келмей, мәжбүрлі түрде жеткізілді.
Судья Ержан Алдабек оны он тәулікке қамауға алу жазасына кесті, негізінде прокурор он бес күн сұраған болатын.