Қоғам

ӘҚБтК түзетулер жобасы: жағылмаған фаралар үшін жаза жеңілдейді

© Sputnik / Болат Шайхиновнұсқаушы
нұсқаушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыртқы шам құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ескерту жасау немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне айыппұл салу ұсынылады

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Қазақстанда жарық түсiру аспаптарын қолдануға қатысты жол қозғалысының қағидаларын бұзуы үшін жазаны жеңілдету ұсынылады, деп хабарлайды әділет министрлігінде. 

Үш әуежайда айыппұл төлеуге арналған терминалдар іске қосылды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Үш әуежайда айыппұл төлеуге арналған терминал іске қосылды

Сейсенбі күні әділет министрі Марат Бекетаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерді енгізуді қарастыратын заң жобасын ұсынды. 

"Заң жобасы үш бағыттан тұрады. Біріншісі, ізгілендіру. Қысқартылған іс жүргізу институтын лауазымды және заңды тұлғаларға қолдану ұсынылды. Қазіргі таңда қысқартылған іс жүргізу тек жеке тұлғаларға қолданылады. Бұл институт қосымша 673 құрамды қамтиды.

Лауазымды және заңды тұлғаларға,жеңілдететін мән-жайлар болғанда, айыппұлдың сомасын 30 пайызға дейін қысқарту ұсынылады. Бұдан басқа, 345 құрам бойынша санкцияларды жеңілдету ұсынылады. 157 құрам бойынша айыппұлдарды төмендету, 38 құрам бойынша ескерту жазасын кеңейту және 150 құрам бойынша жеңілірек жаза қолдану ұсынылады. 

Автоорындық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада баланы автоорындықсыз тасымалдаған 200-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды

Сонымен қатар соттың немесе лауазымды тұлғаның, ауырлататын мән-жайлар болмаса, ескерту жазасын қолдану міндеті енгізілуде", — деді Бекетаев.

 Баспасөз баянға  сәйкес, ӘҚБтК-тің 602-бабымен қарастырылған құқық бұзушылық үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салудың орнына ескерту жасау немесе 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу ұсынылады. 


Жаңалықтар
0