Қоғам

Үш әуежайда айыппұл төлеуге арналған терминал іске қосылды

© Photo : ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Үш әуежайда айыппұл төлеуге арналған терминалдар іске қосылды
Үш әуежайда айыппұл төлеуге арналған терминалдар іске қосылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өтелмеген айыппұлы бар қазақстандықтар шетелге шыға алмайды

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Астана, Алматы және Қарағанды қалаларының әуежайларында айыппұл төлеуге арналған Қазпоштаның терминалдары іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Астанада қайыр сұраған әйелге айыппұл салынды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада қайыр сұраған әйелге айыппұл салынды

"Бұған дейін шетелге ұшуды жоспарлаған қазақстандықтар өтелмеген айыппұлдарына байланысты рейстен қалатын. Ал осы сервистің арқасында азаматтарға жеке сот орындаушыларымен байланыс жасамай, сол жерде айыппұл бойынша қарызын тексеріп, болған жағдайда оны төлеп және автоматты түрде ел шекарасынан шығуға рұқсат алу мүмкіндігі туды", — делінген хабарламада. 

Терминалдар Әділет министрлігінің дерекқорына біріктірілген. Борыштың өтелгендігі туралы ақпарат осы ведомствоның дерекқорына 15 минут ішінде беріледі және ел шекарасынан шығуға қойылған шектеу 30 минут ішінде жойылады.

Сонымен қатар www.post.kz  сайтында және мобильдік қосымша арқылы тәулік бойы борышты тексеру мен карточка арқылы төлеу мүмкіндігі жасалған. 

Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Жолаушылар Астана әуежайы жаңа терминалының жұмысына шағымданып жатыр

Дәл осы сервис жеке, заңды тұлғалар мен мемлекет пайдасына борыштарды (айыппұлдар, мемлекеттік баждар, өсімдер және т.б.) өндіруге мүмкіндік береді. Мерзімді төлемдер бойынша борышты (алименттер, зейнетақылар мен жәрдемақылар)  терминал арқылы төлеу жүргізілмейді.

Терминал арқылы 2 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге болады. Комиссия борыш сомасының 1%-ы, бірақ  әрбір төлем үшін 100 теңгеден кем емес. Егер борыш көлемі 2 миллион теңге немесе одан жоғары болса, азамат Қазпоштаның кез келген бөлімдерінде төлем жүргізе алады. 

"Азаматтар ЖСН пайдалана отырып, борыштары мен пен уақытша ҚР шекарасынан шығуға шектеулер жөнінде ақпаратты Қазпошта терминалдары, сондай-ақ www.adilet.gov.kz сайтында және post.kz порталы арқылы тексере алады", — деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Жақын арада осындай терминалдар Ақтау мен Шымкент қалаларында іске қосылмақ. 


Жаңалықтар
0