АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Қоғамдық орындарда қайыршылық жасап, жұртты мазалаған әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
"2017 жылы 2 мамырда азаматша Ш. "Нұр Астана" мешітінің жанында қайыршылық жасаған, ақша сұрап, адамдарды мазалаған. Сотта оның әкімшілік құқық бұзушылық фактісін бірнеше рет қайталағаны анықталды", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен әйел ҚР ӘҚБК-нің 449-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690 теңге айыппұл салынған. Бірақ, әкімшілік айыппұлдың сомасы 30 пайызға қысқартылыпты.