АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Британдық The Independent газеті Астана туралы мақала жариялады, онда Қазақстан астанасын Сингапурмен салыстырған.
"Астана Еуропадан алыс орналаспаған, оның футуристік келбеті мен бай тарихы бар. Осының барлығы оған туризмдегі ең танымал және сұранысқа ие бағыт болуына көмектесе алады", — деп жазады басылымның тілшісі Хлоя Фэрэнд.
Мақалада Астананың сәулетіне Норман Фостердің үлес қосқаны айтылады. Оның лондондық компаниясы хай-тек стиліндегі ғимараттармен танымал. Британдық архитектор Хан Шатырдың жобасын жасаған болатын. Шетелдік тілші Хан Шатырды сипаттай келе, ғимараттың ел тарихына бойлауға мүмкіндік беретінін атап өтеді.
"Қазір шетелдіктер Астананы картадан кейде таба алмауы мүмкін, бірақ Қазақстанның астанасының саяхатшылар арасында танымалдылығы артып келеді. Астана Орта Азия жүрегіндегі жаңа Сингапур болуға ұмтылуда", — деп жазады британдық газет.
Сондай-ақ басылым жүздеген мың туристің қызығушылығын оятатын ЭКСПО көрмесі туралы да жазады.
"Қазақстанның "Нұр-Әлем" ұлттық павильонын сфера формасындағы ең ірі ғимарат деп атайды. Көрме ашылғаннан бері павильонды жүз мыңға адам аралаған. Қазақстан үшін ЭКСПО - әлемге өзін көрсетіп, дүние жүзінен туристерді тартуға мүмкіндік", — деп есептейді басылым.
Дегенмен, тілшінің айтуынша, ЭКСПО-дан басқа Астанада тамашалайтын жерлер көп екенін айтып, 2010 жылы The Independent басылымында жарияланған саяхат туралы бағананы еске алады. Сол кезде Астана "ештеңеден пайда болған" қала ретінде сипатталады. Жапан түздегі Астана ат арқасы қияндағы жер секілді, деп жазған еді автор.
Газеттің атап өтуінше, Қазақстан Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, күрделі және бай тарихы, бірегей мәдениеті мен табиғаты бар, батыс пен шығыс түйісетін ел. Қазақстан туризмінің бағыттары көп, деп жазады басылым.