АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Қостанай облысында ер мен әйел өз-өзіне қол салды деп хабарлайды жергілікті alau.kz басылымы.
Облыс ІІД басылымға хабарлағандай, оқиға 22 және 23 маусым күндері болған. Затобольск ауылында 28 жастағы әйелдің денесі өз пәтерінде табылған. "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде. Сараптама тағайындалған.
Садчиковка ауылында сарайда өз-өзіне қол салған 37 жастағы ер адамның денесі табылған. Сот алды тергеу ісі жүргізілуде.