АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Іле ауданы Қоянқұс ауылында Бекжан Қанкеновтың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігіне.
Жас суретші Бекжан Канкенов бүгін таңертең әлеуметтік желідегі тікелей эфирде өз-өзіне қол жұмсады. Іле ауданында ер адам туғандарында қонақта болған.
Суицид фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабында "Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" қарастырылған сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық іс бойынша тергеу облыстық департаменттің бақылауында, деп хабарлады баспасөз қызметі.