АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Өрт сөндірушілер "Самал" шағын ауданындағы көп қабатты үйден шыққан өртті сөндірді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт туралы қабар 101 пультіне дүйсенбі 08.57-де келіп түскен. Медеу ауданы, Самал-1 шағын ауданы, 23-ші үй мекенжайы бойынша орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында балкон өртенген.
Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына 09.05-де жетті. Өрт сөндірушілер келгенде, жалын бір қабат жоғары орналасқан балконды шарпып, көрші пәтерлерге ұласу қаупі туындаған.
Өрт сөндірушілер 60 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның 12-сі балалар.


Өрт жарты сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 09.37-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.