АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Алматыда Самал шағын ауданында көп қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр, деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
"Медеу ауданы, Самал-1шағын ауданы Жолдасбеков көшесіндегі 23-ші үйдің, болжам бойынша, алтыншы қабатында өрт шыққан", —деп хабарлады қалалық ТЖД.
Қазір адамдар қауіпсіз жерге шығарылып, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресуде.