АСТАНА, 24 маусым — Sputnik. Дариға Назарбаева Еуразиялық медиафорумда сөйлеген қорытынды сөзінде қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
"Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы аяқталып, баршаңызды қайырымдылық пен мейрімділікке шақыратын Ораза айт мерекесі басталады. Бұл күні өкпе-ренішті ұмытып, жүрегімізді тәкаппарлық пен зұлымдықтан, менмендік пен қызғаныштан тазартуға тиіспіз.Қазақстандықтар үшін Ораза айт мерекесінің маңызы аса зор. Бұл мейрам біздің халықтың бірлігі мен бейтішілік және келісімге ұмтылысын көрсетеді. Ораза Айт қабыл болсын!", — деді Дариға Назарбаева.
Сенбі күні Астанада 22 маусымда басталып, үш күнге созылған Еуразиялық медиафорум аяқталды.