АСТАНА, 24 маусым — Sputnik. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия бойынша кездесулер өткізу үшін неліктен Астана қаласы таңдалғанын айтып берді.
"Неліктен Астана дейсіз бе? Екі жыл бұрын елордамызда сириялық оппозиция өкілдері тобын қабылдадық. Бұл біздің еліміз үшін маңызды тәжірибе болды. Келіссөздерге қолайлы жағдай жасау, әсіресе, сириялық оппозиция өкілдеріне өз мүдделерін айтуға мүмкіндік беру", — деді Әбдірахманов сенбі күні Еуразия медиа форумында.
Оның айтуынша, Қазақстан бүгінгі таңда бейбіт ел, әділ делдал ретінде танылған.
"БҰҰ-ның рөлі де аса маңызды. Біз Астаналық процес Женева процесін толықтырады деп санаймыз. БҰҰ-ның жетекшілік рөлін қолдаймыз, (…) ол саяси шешім табу үшін Женева процесін бастап отыр", — дейді министр.