Қоғам

Астаналық судья Біріккен Ұлттар Ұйымын жауапқа тартпақ

© Photo : РixabayСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адвокат Джохар Өтебеков судьяның бұл шешімінен кейін қызметін босатуға кеңес берді

АСТАНА, 24 маусым — Sputnik. Астаналық судья Күнболат Әріпов БҰҰ әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою бойынша Комитетін сот талқылауындағы үшінші тұлға ретінде жауапқа тартты. Бұл туралы Желіде қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков жазып, істі сот талқылауына даярлау туралы анықтама көшірмесін жариялады. 

Богиня правосудия - Фемида - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Өтебеков Пактың ісі туралы: өкінуге мәжбүрлеу – бұл инквизиция

"Меніңше, біздің сот түпсіз тұңғиыққа кеткен сияқты. Соған қарамастан, одан бетер құрдымға кетіп барады. Сот шешімі құқығына әсер ете алатын болса ғана, іске үшінші тұлғаны тартады. Аудандық сотта қызмет ететін Әріпов БҰҰ-ның қандай құқығына әсер етпекші? Әйелдерге қатысты кемстіушілікті жою бойынша Комитет ұйым емес. Бұл БҰҰ-ның тиісті мандаты бар 23 халықаралық сарапшы, олар кей мемлекеттерді әйелдер дискриминациясы үшін соттайды. Алайда Әріпов бұдан қаймықпаған екен. 23 сарапшыны түгелдей көргісі келетін шығар", — деп жазды наразы болған адвокат.

Өтебеков түсіндіріп өткендей, БҰҰ-н жауапкершілікке тарту туралы шешімді судья қазақстандық әйелдің ҚР қаржы министрлігіне жазған арызы бойынша қабылдаған. Мектепте жұмыс істейтін бірінші топ мүгедегі, әйел адам мектеп директорының тарапынан сексуалдық алымсақтық жасалғаны туралы сотқа шағымданған екен. БҰҰ Комитеті мемлекет әйел адамға өтемақы төлеуі тиіс деп шешкен, алайда жәбірленуші тиісті қаражат алмапты.

"Енді судья БҰҰ-нан БҰҰ шешіміне негізделген арызға шағым жазуды талап етеді. О, тоба, тоба. Бұл адамның не ойлағаны бар?", — деп таңырқайды адвокат. 

Джохар Утебеков - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Өтебеков: сот күзетшілерін қаруды емес, смартфондарды алып қоюға бағыттайды

Джохар Өтебековтың айтуынша, БҰҰ-ның жергілікті сот қудалауына қарсы иммунитеті бар. 

"Судья БҰҰ шешімін орындауға міндетті. Оны қайта қарайтындай кім ол сонша? БҰҰ алдына келіп, шешімін қорғасын дей ме сонда?", — деді Өтебеков. 

Танымал адвокат, судья Әріповтың қызметінде үш жылдан бері отырғанын атап өтіп, отставкаға кетуге кеңес берді.

Жаңалықтар
0