Өңірлер

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің оңтүстік-батыс өңірлерінде жауын-шашын болмайды

АСТАНА, 24 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті сайты.

Таңертең республиканың солтүстік-батысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Зайна Құлжабаева - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с.

Ақмола, Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. 

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысында таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысында кей жерлерде аптап ыстық сақталады.Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі бар.

Жаңалықтар
0